Жаһандық климат саммитіне мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, беделді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының жетекшілері, сондай-ақ жоғары деңгейдегі делегациялар қатысады.

Жиынның күн тәртібіне БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының негізгі ережелерін жүзеге асыру, қазіргі экологиялық қауіп-қатерлерге қарсы күресу, «жасыл» даму мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету бағытында ауқымды халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері енгізілген.

Мемлекет басшысы саммиттің жалпы отырысында сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты кездесу мен келіссөз өткізеді.

Айта кетейік, Өзбекстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына 1993 жылы қосылған. Ал 2018 жылы еліміз Париж келісіміне қатысушы болды.