Brent мұнайының бағасы 1,12 пайызға өсіп, бір баррелі 92,03 долларға жетті.

Сағат 06:17-дегі жағдай бойынша өсім қарқыны одан әрі күшейді. Brent мұнайының құны бір баррель үшін 92,16 долларға жетіп, бұл алдыңғы сауда сессиясының жабылуымен салыстырғанда 1,26 пайызға жоғары болды.

Кейінірек мұнай бағасы бір баррель үшін шамамен 92 доллар деңгейінде құбылып тұрғаны жалғасыты, деп хабарлады Kazinform.

Бұған дейін Oilprice мәліметіне сәйкес, 20 шілде таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 90,21 долларды құрағаны, бұл алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,40 пайызға жоғары екені хабарланған болатын.