Бұл туралы
Халықаралық футбол ассоциациялары федерациясы (ФИФА) X әлеуметтік желісіндегі
ресми парақшасында хабарлады.
Сәрсенбі күні
кешке Франция құрамасы Әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен
жеңді. Бұл жеңіс Дешам үшін әлем чемпионаттарындағы 17-жеңіс болды.
Осы нәтижемен ол
1956–1978 жылдары Батыс Германия (ГФР) құрамасын жаттықтырған бұрынғы бас
бапкер Хельмут Шенні артта қалдырды. Француз бапкер бұл рекордты Норвегияға
қарсы топтық кезеңнің соңғы матчында-ақ (4:1) жаңартуы мүмкін еді. Алайда
анасының қайтыс болуына байланысты сол кездесуге қатыса алмады.
Сонымен қатар,
әлем чемпионаттарында өткізген матчтар саны бойынша Дешам әлі де Хельмут Шённі
артта қалдыруда: француз бапкердің еншісінде 22 ойын болса, неміс бапкерде 25
матч бар деп хабарлады ria.ru.