Бұл туралы Халықаралық футбол ассоциациялары федерациясы (ФИФА) X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Сәрсенбі күні кешке Франция құрамасы Әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Дешам үшін әлем чемпионаттарындағы 17-жеңіс болды.

Осы нәтижемен ол 1956–1978 жылдары Батыс Германия (ГФР) құрамасын жаттықтырған бұрынғы бас бапкер Хельмут Шенні артта қалдырды. Француз бапкер бұл рекордты Норвегияға қарсы топтық кезеңнің соңғы матчында-ақ (4:1) жаңартуы мүмкін еді. Алайда анасының қайтыс болуына байланысты сол кездесуге қатыса алмады.

Сонымен қатар, әлем чемпионаттарында өткізген матчтар саны бойынша Дешам әлі де Хельмут Шённі артта қалдыруда: француз бапкердің еншісінде 22 ойын болса, неміс бапкерде 25 матч бар деп хабарлады ria.ru.