Әлемнің 47 елінен 300-ге жуық пара велоспортшы қатысқан
дүбірлі додада ұлттық құрамамыздың мүшелері де бақ сынап, жарыс қорытындысы
бойынша отандастарымыз Маржона Пардабоева мен Покиза Ахмадбекованың еншісіне 3
алтын және 1 күміс медаль бұйырды.
Бұл — өзбек
пара велоспорты тарихында әлем чемпионаттарында тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Отандастарымыз
бүгін Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Ұлттық
Паралимпиада комитеті, Спорт министрлігі, Өзбекстан велоспорт федерациясы және
Ташкент облысының спорт басқармасы өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері мен жақындары тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды, деп хабарлайды
Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі.