Инфантино өзінің ресми парақшасында жариялаған үндеуінде Өзбекстан футболшылары бүкіл әлемге және өз елінің халқына кез келген үлкен арманның орындалуы мүмкін екенін дәлелдегенін атап өтті.

«Сіздер бүкіл әлемге және өз еліңіздегі адамдарға кез келген үлкен арманның жүзеге асуы мүмкін екенін дәлелдедіңіздер», — деп жазды ФИФА басшысы.

Оның айтуынша, Өзбекстан құрама командасының әлем чемпионатындағы алғашқы голын ол стадионда жеке өзі тамашалаған және сол сәтте футболшылар мен жанкүйерлердің қандай сезімді бастан өткізгенін жақсы сезінген.

«Бұл тарихи тәжірибе Өзбекстанда футболдың одан әрі дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін. Алдағы уақытта сіздерге сәттілік тілеймін», — деді Жанни Инфантино.