«Финляндия Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және
Өкілетті Елшісі Йоханна Мария Огрен ханымнан сенім грамоталарын қабылдап алдық,
– деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. – Соңғы жылдары
Өзбекстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жанданып
келеді.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ
іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды ынталандырудың маңыздылығы атап
өтілді.
Елші ханымға жауапты дипломатиялық қызметінде табыс тілеп,
Өзбекстан–Финляндия қатынастарын одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларын
жан-жақты қолдайтынымызды жеткіздік».
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық
қатынастар 1992 жылғы 26 ақпанда орнатылған.