Бұл туралы Президенттің «Жаңа Өзбекстан жастары –
2030» стратегиясын 2026–2027 жылдары жүзеге асыру және жастарды жұмыспен қамту
бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысында белгіленген.
2026 жылдан бастап әр жылы қыркүйек айында
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттары негізінде ұлттық әдет-ғұрыптарға сүйене отырып, жоғары
мәдени-эстетикалық талаптар мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп «Жастық – өмірдің бақытты әрі алтын кезеңі»
ұранымен жалпыұлттық жастар фестивалін өткізу жолға қойылады.
2026 жылдан бастап кітап оқу мәдениетін дамыту
жолында жанқиялықпен еңбек етіп жүрген жас шығармашылық иелерін қолдау
мақсатында «Илғор ижодкор» Президент сыйлығы енгізіледі. Оған сәйкес:
- поэзия, драматургия және балалар әдебиеті бағыттары
бойынша ең үздік жазушылар мен ақындар
марапатталады;
- әр бағыт бойынша жеңімпаздар базалық есептік
мөлшердің 200 есесіне тең ақшалай сыйлықпен марапатталады.
2026 жылдан бастап аумақтарда білім беру мекемелері,
спорт нысандары, жастар және мәдениет орталықтары, кітапханалар, кинотеатрлар,
концерт залдары, ойын-сауық саябақтары мен бақтардан тұратын жастарға арналған
инфрақұрылым нысандарының қызметін жолға қою бойынша ең минимал стандарттар
енгізіледі.
2026–2027 жылдары әрбір аумақта бір туризм,
гастрономия, жастар демалысы және сауда-сервиске мамандандырылған арнайы қызмет
көрсету көшелерінде кітапханалар, «book cafe» және кітап дүкендері
орналастырылады.
Айына 10 мыңнан астам кітап сататын кәсіпкерлерге 1
млрд сумға дейін, Орталық банк негізгі мөлшерлемесінің 50 пайызы көлеміндегі
пайыз ставкасында, 6 айлық жеңілдік кезеңімен 3 жылға дейін несие беру шаралары
қарастырылады.