Оның
айтуынша, бапкер ретінде әлем чемпионатына қатысу футболшы ретіндегі
тәжірибеден мүлде өзгеше.
— Футболшы ретінде турнирден көбірек ләззат аласыз. Ал
бапкер үнемі команда туралы ойлайды, әрбір детальді бақылауда ұстауға тырысады.
Алаң сыртында тұрғандықтан қысым мен жауапкершілік те әлдеқайда жоғары болады,
— деді Каннаваро.
Бапкер Колумбияға қарсы кездесудегі негізгі сабақ жоғары дәрежеде әрбір
қателіктің өте қымбатқа түсетіндігі айтып өтті.
— Біз жақсы ойнадық, команда болып әрекет еттік және тәртіп
сақтадық. Алайда мұндай деңгейде бір сәттік зейінсіздік те голмен жазаланады.
Бірінші гол алдындағы жағдайларды біз ұзақ уақыт бойы зерттеп, дайындалған
едік. Ал екінші гол ауыттан кейінгі қателіктің салдарынан болды. Сондықтан мұндай матчтарда
қателіктер санын барынша азайту қажет, — деді ол.
— Мен
футболшыларға әрдайым доп бізде болған кезде қорықпай ойнауды, өз күшімізге
сенуді және футболдан ләззат алуды айтамын. Екінші таймда біз дәл сондай ойын
көрсеттік, гол соқтық және тағы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырдық, — деді
бапкер.
Португалия
туралы сөз қозғаған Каннаваро қарсылас құрамында әлемдік деңгейдегі ойыншылар
көп екенін атап өтті.
—
Португалия допты бақылауда ұстағанды жақсы көреді, қысқа пастар арқылы ойынды
басқарады және кез келген сәтте қауіпті шабуыл ұйымдастыра алады. Сондықтан
қорғаныста өте тәртіпті болуымыз керек. Ал доп бізде болған кезде оларға
қиындық туғызуға тырысуымыз қажет. Әрбір команданың күшті және әлсіз жақтары болады.
Біз олардың мықты қырларын шектеп, әлсіз тұстарын пайдалануға ұмтыламыз, — деді
ол.
Бапкер
Криштиану Роналду туралы да пікір білдіріп, оның өте шебер футболшы екенін
мойындады.
— Роналду
— әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Бірақ ойын басталғаннан кейін бұл туралы ойламау
керек. Алаңда тек өз міндетіңді орындап, командаңның мүддесі үшін күресу
маңызды, — деді Каннаваро.
Сөзінің
соңында ол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатында батыл әрі ұйымшыл команда
ретінде есте қалғанын қалайтынын айтты.
— Турнир
аяқталған кезде адамдар Өзбекстанды әлем чемпионатына алғаш рет қатысып
отырғанына қарамастан, мықты қарсыластардан қорықпайтын, жақсы ұйымдасқан әрі
тәртіпті команда ретінде есте сақтағанын қалаймын. Біз барлық қарсыластарды
құрметтейміз және өзімізге де сондай құрмет көрсетілгенін қалаймыз, — деді
Фабио Каннаваро.