Сұхбат басында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығының табысты өтуімен және ұйымның жетінші саммитінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен құттықтады.

Осы жылдың тамыз айында Әзербайжан Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру арқылы Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Барлық деңгейде тиімді байланыстар жолға қойылғаны атап өтілді. Жыл басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсті. Геология, энергетика, құрылыс, көлік, логистика, жеңіл өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы бірлескен жобалар белсенді кезеңге өтті.

Мәдени-гуманитарлық алмасу аясында да мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Өзбекстан мен Әзербайжан басшылары халықаралық және аймақтық маңызы бар мәселелер жөнінде де пікір алмасып, алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.