Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оны террористік және экстремистік мақсаттарда пайдалануға қарсы күрес, жаңа технологиялық қатерлер мен қауіп-қатерлерге жауап қайтару бағытында халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Ақаба процесі аясындағы кездесуіне қатысады.

Ақаба процесі 2015 жылы Король II Абдалла бастамасымен көтерілген халықаралық бастама. Ол терроризм мен экстремизмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасып, бірлескен іс-қимылды үйлестіруге бағытталған.