Жаңа жылдық есепке сәйкес, 2026 жылғы мамыр айындағы
жағдай бойынша компанияда қызметкерлер саны 141 000 адамды құрайды. Бұл өткен жылдың осы
кезеңіндегі 162 000 қызметкермен салыстырғанда айтарлықтай аз.
«Біздің қызметіміздің барлық бағыттарына жасанды
интеллект технологияларын енгізу және пайдалану қызметкерлер санының қысқаруына
алып келді және болашақта да мұндай үрдіс жалғасуы мүмкін», – делінген Oracle
мәлімдемесінде.
Ірі көлемдегі қысқартулар компанияның қаржылық көрсеткіштеріне
де әсер етті.
Қайта ұйымдастыру шараларына компания 1,8 миллиард доллар жұмсаған, бұл жұмыстан босатылған қызметкерлерге төленген өтемақылар мен басқа да шығындарды қамтиды.
«Біздің бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы
бизнесіміз кеңейген сайын, біз тұрақты түрде ресурстарымызды үйлестіреміз және
бағдарламашылар командаларын қайта ұйымдастырып отырамыз. Осылайша әлемнің
түкпір-түкпіріндегі клиенттерімізге ең үздік бұлттық және жасанды интеллектке
негізделген өнімдерді ұсына алатын мамандармен қамтамасыз етеміз», – делінген
компания хабарламасында.
Наурыз айында компания қызметкерлерге инвесторлар
қысымының салдарынан жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін ірі көлемде
қарыз тарту қажеттігі туындағанын және осының нәтижесінде жүз мыңдаған жұмыс
орны қысқартылуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Қаңтар айында Oracle қарыз қаражаты мен өз капиталы
есебінен 50 миллиард доллар тарту жоспарын жариялады. Сонымен қатар, соңғы
қаржы жылында компанияның капиталдық шығындары 162 пайызға өсіп, 55,7 миллиард
долларға жеткен, деп хабарлады Kazinform.