«Португалияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі Сара Мартинш ханымның сенім грамоталарын қабылдағаныма қуаныштымын, –
деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. – Биылғы жылдың
апрель айында Лиссабонға жасаған сапарымыз Өзбекстан мен Португалия арасындағы
қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, саяси диалогты жандандыруға және өзара
тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға маңызды қадам болды.
Сұхбат
кезінде сапардағы қол жеткізілген келісімдерді дәйекті
түрде іске асыруға, экономикалық дипломатияны жандандыруға және аймақаралық байланыстарды нығайтуға ерекше
назар аудардық.
Елші ханымға Өзбекстандағы дипломатиялық қызметіне
табыс тілейміз».
Өзбекстан мен Португалия арасындағы дипломатиялық қатынастар
1992 жылғы 12 август күні орнатылған.