«Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және
Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов мырзадан сенім грамоталарының көшірмелерін
қабылдап алдық, – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. –
Біз бауырлас Қазақстанмен қалыптасқан стратегиялық серіктестік пен
одақтастықтың жоғары деңгейін ерекше бағалаймыз. Мемлекеттеріміз басшылары
арасындағы сенімді диалог пен берік саяси ерік-жігердің арқасында бүгінде
Өзбекстан–Қазақстан қарым-қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келеді.
Сұхбат барысында өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны
дамыту, аумақаралық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ көлік және логистика
салаларындағы бірлескен жобаларды жеделдету мәселелері талқыладық.
Елші мырзаға Өзбекстандағы жауапты әрі мәртебелі дипломатиялық қызметінде
зор табыс тілейміз».
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Өзбекстандағы елші болып тағайындалған Ералы Тоғжанов бұл лауазымда 2022 жылдан
бері Ташкенттегі Қазақстан елшілігін басқарған Бейбіт Атамқұловтың орнын
иеледі.
Ералы Тоғжанов 63 жаста. Ташкентке тағайындалғанға дейін Қазақстан
Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. Бұған дейін
Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әкімі
болған, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясын басқарған, сондай-ақ
Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.