Мәліметке орай, А373 «Ташкент – Ахангарон – Ангрен – Қоқан – Шахрихон – Әндіжан» автомобиль жолының 102–142 және 153–160-шақырымдары аралығында жаңбыр жауып тұр. Ал 142–153-шақырымдар аралығында қар жаууда.

Қазіргі уақытта ауа температурасы +2 градусты құрайды. Кейбір аумақтарда тұманға байланысты көру қашықтығы 800 метрге дейін төмендеген.

Осындай қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерден аса сақ болу сұралады. Жол үстіндегі бір сәттік салғырттықтың өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жүргізушілерге төмендегі ережелерді сақтау ұсынылды:

қозғалыс жылдамдығын ауа райы жағдайына сәйкес реттеу;

алдағы көлік құралымен қауіпсіз арақашықтықты сақтау;

басып озу кезінде асықпау;

жаңбыр мен тұман кезінде жарық шамдарын дұрыс пайдалану;

жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.