Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті халық санағының нәтижелері негізінде қайта есептелген мәліметтер бойынша хабарлады.
Мәліметтерге орай, ер адамдардың орташа жасы 29,1 жасты, ал әйелдердің орташа жасы 30,2 жасты құраған.
Аумақтар бөлінісінде халықтың орташа жасы ең жоғары көрсеткіш Ташкент қаласында тіркелген — 33,6 жас. Одан кейінгі орындарда Науаи облысы (31 жас), Қарақалпақстан Республикасы (30,9 жас) және Бұхара облысы (30,8 жас) орналасқан.
Қалған өңірлердегі халықтың орташа жасы төмендегідей:
Ташкент облысы — 30,1 жас;
Ферғана облысы — 30 жас;
Хорезм облысы — 30 жас;
Сырдария облысы — 29,6 жас;
Әндіжан облысы — 29,3 жас;
Наманган облысы — 28,8 жас;
Самарқант облысы — 28,4 жас;
Жызақ облысы — 27,9 жас;
Қашқадария облысы — 27,8 жас;
Сұрхандария облысы — 27,4 жас.
Салыстыру үшін айта кетсек, 2010 жылы Өзбекстан халқының орташа жасы 27 жас болған. Демек, 2026 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 2,6 жасқа өскен.