Жалпы мәжілістің күн тәртібінің жобасына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер енгізілген.

Атап айтқанда, жалпы мәжілісте  «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Өзбекстан құрметі» орденін тағайындау туралы заңдар талқыланады.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қолдау және оларға бірқатар салықтық жеңілдіктер беру, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды ынталандыру, олар үшін арнайы салық режимін енгізу, сондай-ақ еңбек қызметін реттеуге бағытталған заңдарды қарау жоспарланған.

Бұдан бөлек, сот ісі талқылауының барлық кезеңдерінде тараптардың тартысу қағидатын қамтамасыз ету және адвокаттың сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлін арттыру, прекурсорлар айналымына қатысты талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу, құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үйлерде заңсыз тұрудың алдын алу, сондай-ақ кеден саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес механизмдерін жетілдіруге бағытталған заңдар талқыланады.

Мемлекеттік құпияларды сақтау қызметінің құқықтық негіздерін, жер туралы заңнаманы, медицина және фармацевтика қызметін жетілдіру, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдар да күн тәртібінің жобасына енгізілген.

Сенаторлар Өзбекстан Республикасы Бас прокурорының прокуратура органдарының қызметі туралы есебін де тыңдайды.

Сонымен қатар жалпы мәжілісте еліміздегі табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың мониторинг жүргізу жай-күй бойынша Министрлер Кабинетіне жолданған парламенттік сауалдың нәтижелерін қарау жоспарланған.