Инфографикада өндірісті роботтандыру деңгейі ең жоғары 22 елдің экономикасы көрсетілген. Роботтандыру көрсеткіші  2024 жылы өңдіріс өнеркәсібіндегі әрбір 10 000 жұмысшыға дұрыс келетін қолданыстағы өнеркәсіптік роботтардың саны. Мәліметтер Халықаралық робототехника федерациясы (IFR) тарапынан 2026 жылғы сәуірде жариялаған.

Оңтүстік Корея мен Сингапур рейтингке енген басқа елдерден айтарлықтай алда тұр. Екі экономикада да автоматтандыру деңгейінің жоғары болуы өнеркәсіп секторындағы жұмысшылар санының салыстырмалы түрде аздығымен қатар байқалады.

Оңтүстік Кореяның өңдеу өнеркәсібіндегі әрбір 10 000 жұмысшыға 1 220 роботтан тура келеді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен — 132 роботтан — тоғыз есе көп. Ал Сингапурда бұл көрсеткіш 818 роботты құрайды. Бұл рейтингте үшінші орын алған Германияның нәтижесінен (449 робот) екі есеге жуық жоғары, деп хабарлады naked-science.ru.

Оңтүстік Корея әлемге әйгілі электроника өнеркәсібімен және ірі автомобиль өндірісіне ие. Дәл осы екі сала әлемдегі өнеркәсіптік роботтарды ең көп пайдаланатын тұтынушылар саналады: 2024 жылы олар жаңадан орнатылған роботтардың жалпы санының жартысына жуығын құрады.

Автоматтандыруды ынталандыратын тағы бір маңызды фактор — демографиялық жағдай. 2025 жылы Оңтүстік Кореяда бала туу коэффициенті бір әйелге шаққанда 0,75 баланы құрады. Бұл — әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. Соның салдарынан өндірушілер қолда бар жұмыс күшінің азаюына тап болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны салыстырмалы түрде аз шағын мемлекет — Сингапурда да осындай жағдай қалыптасуда. Мұнда да бала туу коэффициенті бір әйелге шаққанда бір баладан төмен болып, 0,96-ны құрайды.

Ал Қытай керісінше көрініс көрсетіп отыр. 2024 жылы елде екі миллионға жуық өнеркәсіптік робот пайдаланылды. Бұл бүкіл әлемдегі роботтар қорының шамамен 43 пайызын құрайды. Алайда өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдар саны өте көп болғандықтан, әрбір 10 000 қызметкерге небәрі 166 роботтан тура келеді.

Өнеркәсіптік роботтардың тығыздығы ең жоғары экономикалар рейтингінде Еуропа елдері 22 орынның 15-ін иеленеді. Бұл жағдай көбіне дамыған автомобиль өнеркәсібімен байланысты.

Бұл байланыс әсіресе Орталық Еуропада айқын байқалады. Мұнда рейтингке енген төрт ел бар: Словения — әрбір 10 000 жұмысшыға 315 робот, Чехия — 216 робот, Словакия — 210 робот, Венгрия — 172 робот.

Халықаралық автомобиль өндірушілер ұйымының (OICA) мәліметтеріне орай, 2024 жылы Словакияда әрбір 1 000 тұрғынға шаққанда 183 автомобиль өндірілген. Бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Ол Германиядағы 51 автомобильдік көрсеткіштен үш еседен астам жоғары.

Škoda Auto компаниясының бас кеңсесі мен өндірістік қуаттары, сондай-ақ Hyundai және Toyota зауыттары орналасқан Чехияда 2024 жылы әрбір 1 000 тұрғынға шаққанда 134 автомобиль өндірілген.