Қытай халық Республикасының Гуанси-Чжуан автономиялық аумақта орналасқан зауыт  «роботтар роботтарды өндіреді» концепциясы негізінде істейді және өнеркәсіптік гуманоид роботтар сегментінде мұндай көлемдегі әлемдегі бірінші іске қосылған  алғашқы өндіріс орны, деп хабарлайды Kazinform.

Жобаның технологиялық серіктесі ретінде Siemens компаниясының бөлімшесі қатысқан. Германия концерні кәсіпорында жеткізу тізбегін басқару, компоненттерді жоғары дәлдікпен құрастыру және өндіріс ішіндегі жоғары жиілікті логистиканы үйлестіруге арналған цифрлық өндірісті басқару платформасын әзірлеуге атсалысты.

Зауыттағы конвейердің есептік өнімділігі — әр 10 минут сайын бір робот шығару мүмкіндігін береді. Мұнда Walker S сериялы өнеркәсіптік гуманоид роботтарымен қатар, Cruzr сервистік роботтарын өндіру де жолға қойылған.

Өндірілген роботтар Лючжоудағы жергілікті өнеркәсіп пен ауыр машинажасау салаларын жаңғыртуға, сондай-ақ Қытайдың ішкі базарын қамтамасыз етуге және АСЕАН елдеріне экспорттауға бағытталады.