Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды заңға қайшы алу немесе өткізу, егер осындай әрекеттер үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жасалса, қылмыстық құқық бұзушылық болып белгіленеді.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің VIII бөліміне «Бағалы металдар» және «Бағалы тастар» аталымдарының құқықтық мағынасы енгізілді. Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, бағалы металдарды және (немесе) бағалы тастарды заңға қайшы  түрде алу немесе өткізу төмендегідей жазаланады:

бағалы металдар мен бағалы тастарды тәркiлеуге және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға, ал әкiмшiлiк қамауға алынуға жатпайтын тұлғаларға  БЕМ-нің 10-нан 20 еселенген мөлшерiнде айыппұл салу белгіленді.

Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.