Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Аталған тіркеу Самарқант  нанының өзіндік ерекшелігін мойындау, ұлттық гастрономиялық мұраны сақтау және өнімнің нарықтағы беделін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

«Самарқанд нони» атауының географиялық көрсеткіш және тауар белгісі ретінде тіркелуі ұлттық брендтерді құқықтық қорғау және олардың экономикалық әлеуетін арттыру тұрғысынан маңызды мәнге ие.

«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің атаулары туралы» заңға сәйкес, тауар белгісіне арналған куәлік 10 жыл мерзімге беріледі.

Айта кетейік, 2025 жылғы ақпан айында «Самарқанд нони» географиялық көрсеткіш ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен болатын.