Қаулыға орай, жаңа филиал Өзбекстан мен Ресей арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту, басым бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу және жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлаумен айналысады.
Филиал қызметінің негізгі бағыттары материалтану, атом энергетикасы, биоэкономика, ядролық медицина және радиология, сондай-ақ кванттық технологияларды қамтиды.
Сонымен қатар Өзбекстан Ғылым академиясының Геномика және биоинформатика орталығымен және Озық технологиялар орталығымен биотехнология мен геномдық технологиялары саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Филиалда ядролық технологиялар, кванттық физика және радиобиология салалары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау жүйесі де жолға қойылады.
Дарынды студенттер, докторанттар мен жас ғалымдар үшін Ресейдегі бас мекеменің жетекші зертханаларында жыл сайын кемінде 10 қызметкердің қысқа және ұзақ мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, филиалда білім алып жатқан докторанттар мен тәуелсіз зерттеушілер үшін жергілікті және шетелдік ғалымдардың қатысуымен бірлескен ғылыми жетекшілік (co-tutelle) жүйесі енгізіледі.
Құжат: Lex.uz