Алайда жаңа зерттеу мұндай тренингтердің айқын макиавеллизм белгілері бар адамдарда күтпеген кері әсер туғызуы мүмкін екенін көрсетті. Атап айтқанда, олар әріптестеріне деген өшпенділік пен ашу-ызаны күшейтіп, соның салдарынан ұжымда күнделікті қарым-қатынастағы ұсақ дөрекілік пен әдепсіз әрекеттердің көбеюіне әкелуі ықтимал. Бірақ бұл ашық агрессияның күшеюіне себеп болмайды, деп жазады naked-science.ru басылымы.

Осы тұста «макиавеллизм» ұғымына қысқаша тоқталып өтейік. Бұл термин италиялық ойшыл Н. Макивеллидің (XV–XVI ғасырлар) есімімен және оның «Билеуші» атты еңбегімен байланысты. Макиавеллизм – билікке және мінез-құлыққа қатысты ұстаным. Мұнда белгілі бір мақсатқа жету үшін айлакерлікке, манипуляцияға және моральдық нормалардан бас тартуға жол беріледі.

АҚШ-тағы Оңтүстік Флорида университетінің Мум менеджмент мектебінің маманы Адам Кей осы мәселеге қатысты ерекше құбылысты анықтады. Оның зерттеуіндегі негізгі тұжырым мынадай: макиавеллизм қасиеттері басым қызметкерлердің әріптестеріне деген өшпенділігін оятып, ашық қақтығысқа итермелемегенімен, агрессияның жанама түрде көрініс табуына ықпал етуі мүмкін.

Бұл гипотезаны тексеру үшін зерттеу авторы Солтүстік Америкадағы денсаулық сақтау саласының 473 қызметкерінің деректерін талдап, 30 күндік зерттеу жүргізген.

Барлық ерікті үш топқа бөлінген: Бірінші топ зейін курсына, тыныс алу жаттығуы және бір ай бойы әдеттегі күнделікті өмір салтын сақтаған бақылау тобы. Зерттеу нәтижелері Journal of Business Ethics ғылыми журналында жарияланды.

Зейін бағдарламасы күн сайын шамамен бес минуттық онлайн нұсқаулықтардан және 10–15 минуттық практикалық жаттығулардан тұрған. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде бес рет саналы түрде тыныс алып, тыныс шығаруды еске салатын арнайы кесте қолданылған.

Зерттеу деректері үш кезеңде жиналған: бағдарлама басталғанға дейін, үш апта өткен соң және бір айлық курс аяқталғаннан кейін бірден.

Талдау нәтижелері макиавеллизмге бейімділігі жоғары қызметкерлерде майндфулнес тренингі әріптестеріне деген өшпенділік пен ашу-ыза сезімдерін күшейткенін көрсетті. Ал тыныс алу жаттығуларын орындаған және бақылау тобындағы қызметкерлерде мұндай әсер байқалмаған. Макиавеллизм деңгейі төмен адамдарда да айтарлықтай өзгерістер анықталмаған.

Әріптестерге деген менсінбеушілік, ашу-ыза мен өшпенділік сезімдерінің артуы жұмыс орнындағы әдепсіз әрекеттердің жиілеуіне әкелген. Сонымен бірге көпшілік алдында кемсіту сияқты дұшпандықтың неғұрлым дөрекі әрі ашық түрлеріне жанама әсері анықталмаған.

Мақала авторының пікірінше, макиавеллизм деңгейі жоғары адамдар өз беделіне нұқсан келмеуін ойлап, жаман ниетін дәлелдеу қиын болатын мінез-құлық түрлерін таңдауға бейім келеді.

Зерттеу авторы жұмыстың белгілі бір шектеулері бар екенін де атап өткен. Атап айтқанда, зерттеу жоғары кәсіби талаптар қойылатын бір ғана денсаулық сақтау ұйымында жүргізілген және оған негізінен әйелдер қатысқан. Бұл жағдай нәтижелерге белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін. Себебі әйелдерде ерлермен салыстырғанда айқын макиавеллизм белгілері едәуір сирек кездеседі. Сондықтан алынған нәтижелерді басқа салаларда да қосымша тексеру қажет.

Жалпы, зерттеу нәтижелері соңғы уақытта кеңінен таралып келе жатқан, соның ішінде корпоративтік деңгейде қолданылатын майндфулнес тәжірибелері барлығына бірдей пайдалы бола бермейтінін көрсетті. Керісінше, кейбір жағдайларда мұндай әдістер жұмыс ұжымындағы қалыптасқан мәселелерді одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Ҳамкасбларга нисбатан менсимаслик, ғазаб ва нафратнинг ортиши иш жойида одобсизликнинг кўпроқ намоён бўлишига олиб келди. Шу билан бирга, оммавий камситиш каби душманликнинг қўполроқ ва очиқроқ шаклларига билвосита таъсири аниқланмади. Мақола муаллифининг фикрича, кучли макиавеллизмга эга бўлган одамлар обрў масаласида эҳтиёткор бўлиб, ёмон ниятни исботлаш қийинроқ бўлган хулқ-атвор шаклларини афзал кўради.

Муаллифнинг таъкидлашича, иш бир соғлиқни сақлаш ташкилотида юқори профессионал талаблар билан ва асосан аёллар иштирокида ўтказилган (бу натижани бироз бузади, чунки аёлларда эркакларга қараганда соф макиавеллизм сезиларли даражада камроқ кузатилади), шунинг учун натижалар ҳали бошқа соҳаларда текширилиши керак.

Тадқиқот шуни кўрсатдики, урф бўлган, жумладан, корпоратив даражадаги онглилик амалиёти нафақат ҳамма учун ишламайди, балки иш жамоасидаги муаммоларни янада чуқурлаштириши мумкин.