«Эль-Сальвадор Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Юрий Павел Сантакрус Пердомо мырзадан сенім грамоталарын қабылдағаныма қуаныштымын, – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. – Біз Сальвадорды Орталық Америкадағы болашағы зор серіктестеріміздің бірі ретінде көреміз. Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дәйекті түрде кеңейтуді қолдаймыз.
Елші мырзаға жаңа қызметінде табыс тілеп, өзара қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдік».
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Сальвадор арасындағы дипломатиялық қатынастар 2014 жылғы 3 желтоқсанда орнатылған. 59 жастағы Юрий Павел Сантакрус Пердомо, сондай-ақ резиденциясы Мәскеу қаласында орналасқан Сальвадордың Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы елшісі болып табылады.