Бұл операциялар арқылы түскен кейбір табыстардың салық есебінде көрсетілмеуі салдарынан мемлекеттік бюджетке тиесілі түсімдер толық көлемде түспей отыр.

Осыған байланысты салық органдары заңды тұлғаларда қызмет атқаратын басшы қызметкерлердің банк карталарына түскен қаражаттарға қатысты талдамалық зерттеулер жүргізуде.

Анықталған жағдайлар негізінде салық есептілігінде көрсетілмеген табыстар бойынша тиісті шаралар қабылданып, салық төлеушілерге хабарламалар жіберілуде.

Атап өтілгендей, бұл үдеріс жазалау немесе қысым көрсету мақсатында емес, экономикалық әділеттілікті қамтамасыз етуге, жасырын айналымдарды қысқартуға және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Салық органдары барлық кәсіпкерлік субъектілерін қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, сауда түсімдерін толық ресімдеуге және салық есептілігінде шынайы көрсетуге шақырды.