Көптеген
аймақтарда бұл көрсеткіш 1990-жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл
туралы The Lancet журналында жарияланған зерттеуде айтылған.
Зерттеуге
сәйкес, Еуропада зерттелген аумақтардың 99,6 пайызында 2015–2024 жылдардағы
ыстық толқындары кезіндегі өлім саны 1991–2000 жылдардағыдан жоғары болған.
Орташа
өсім жылына әрбір миллион тұрғынға шамамен 52 қосымша өлімді құрады. Испания,
Италия, Грекия және Болгарияның кейбір өңірлерінде бұл көрсеткіш миллион адамға
120-дан асты.
Зерттеу
авторлары Еуропада аптап ыстық туралы ескерту берілген күндер саны
1990-жылдардың басымен салыстырғанда орта есеппен 318%-ға артқанын атап өтті.
Ең
жоғары өсім Батыс Еуропада, соның ішінде Германияда тіркелді — бұл жерде
көрсеткіш шамамен 450%-ға өсті.
Ғалымдар
бұл өзгерістерді климаттың өзгеруімен байланыстырады. Олардың айтуынша,
жаһандық жылыну тек өлім-жітімге ғана емес, халықтың жалпы денсаулығына да әсер
етеді.
Мысалы,
көктемнің ерте келуіне байланысты аллерген өсімдіктердің гүлдеу маусымы 1–2
аптаға ертерек басталады. Бұл аллергияға бейім адамдарда реакциялардың да
ертерек басталуына әкеледі.
Сонымен
қатар, Еуропада тропикалық жұқпалы аурулардың таралу қаупі артып келеді.
Зерттеушілердің айтуынша, маса арқылы жұғатын инфекциялар, соның ішінде денге
вирусы таралатын аймақтар кеңейіп жатыр. Есептеулерге сәйкес, инфекция қаупі
шамамен 300%-ға өскен.
Бұған
дейін экваторлық Тынық мұхитында су температурасының көтерілуіне әкелетін
Эль-Ниньо құбылысы 2026 жылдың соңына қарай қайта дамуы мүмкін екені
хабарланған еді. Мамандар бұл бүкіл әлем бойынша су тасқындарына, құрғақшылыққа
және рекордтық температураларға әкелуі мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлады
Kazinform.
Еске
салайық, климаттың өзгеруі орман өрттерінің көбеюіне де себеп болды.