Ғалымдардың назарын Кафуэ рифті бойындағы ыстық бұлақтардағы гелий
изотоптардың жоғары тартқан. Бұл рифттің Жер қыртысын тесіп өтіп, мантияға
40-тан 160 шақырымға дейінгі тереңдікке жететінін көрсетеді.
— Бұл Кафуэ рифті белсенділігінің тікелей дәлелі және Сахараның
оңтүстігіндегі Африканың ажырай бастауының алғашқы белгісі болуы мүмкін, — деді
Оксфорд университетінің профессоры Майк Дэйли.
Кафуэ рифті Танзаниядан Намибияға дейін созылған 2500 шақырымдық аймақтың
бір бөлігі болып саналады. Ғалымдар Замбия аумағындағы сегіз геотермалдық
ұңғыма мен бұлақты зерттеп, олардың алтауы ұсынылған рифт аймағында, ал екеуі
оның сыртында орналасқанын анықтады. Олар судан газ үлгілерін жинаған.Рифт
аймағындағы үлгілердің гелий изотоптық құрамы әлемдегі ең жақсы зерттелген көне
рифттердің бірі — Шығыс Африка рифт жүйесіне ұқсас болып шықты.
Бұл жаңалықтың үлкен экономикалық маңызы болуы мүмкін: қалыптасудың
бастапқы кезеңіндегі белсенді рифттер геотермалдық энергияны, сондай-ақ гелий
мен сутегі өндіруді қамтамасыз етуі ықтимал, деп хабарлады Kazinform.
Алайда зерттеу авторлары нәтижелерді түсіндіруде сақ болуға шақырады.
— Бұл зерттеу Оңтүстік-Батыс Африка рифт жүйесінің мыңдаған шақырымға
созылған бір ғана бөлігінен алынған гелий талдауына негізделген, — деді Дэйли.
Сонымен қатар ол ауқымды зерттеулердің басталып кеткенін атап өтті.