Форум
Қытайдың Адам құқықтарын дамыту қоры (CFHRD) мен Өзбекстан Республикасы Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы тарапынан ұйымдастырылды.
Форум
«Жоғары сапалы даму арқылы адам құқықтары саласындағы өркендеуді бірлесіп
ілгері тарту» тақырыбына арналды. Оған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің адам құқықтары саласындағы сарапшылары,
мемлекеттік органдар өкілдері, ғылыми және іскерлік орта, сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы 100-ге жуық ұлттық және шетелдік қатысушы қатысты.
Форумның
ашылуында әрбір адамның өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз
ету – бүкіл адамзаттың ортақ мақсаты екені атап өтілді. Қытай мен Орталық
Азияның бес мемлекеті дамушы елдер ретінде даму мен адам құқықтарын ілгерілету
мәселелерінде ортақ ұстанымдарға ие екені айтылды.
Қытайдың
Адам құқықтарын дамыту қорының вице-президенті әрі бас хатшысы Ли Хункуй,
Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығының директоры
Акмал Саидов, Қытай Халық Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті
елшісі Юй Цзюнь, Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон
Вахобов, «Орталық Азия – Қытай» форматы хатшылығы бас хатшысының орынбасары
Самади Шохин, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше
тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова өздерінің кіріспе сөздерінде Форум
жұмысына сәттілік тіледі.
Сөз
сөйлегендер «Қытай – Орталық Азия» адам құқықтарын дамыту жөніндегі төртінші
форумы БҰҰ-ның Даму құқығы туралы декларациясының қабылданғанына 40 жыл және
Жаһандық даму бастамасына 5 жыл толғанын 2026 жылы тойлап отырғанының ерекше
маңызына назар аударды. Сонымен қатар Ташкент форумы «Қытай – Орталық Азия»
ынтымақтастығы сапалы жаңа даму кезеңіне көтерілген маңызды уақытпен тұспа-тұс
келгені айтылды.
Форумның
жалпы мәжілісінде адам құқықтары саласында Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің
өзара ынтымақтастығының басым бағыттары қаралды. Тақырып аясында алты мемлекеттің жетекші сарапшылары баяндама жасады.
Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Әділ сот академиясының ректоры Шерзод Абдуқодиров, Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясы Халықаралық құқық институтының
директоры Лю Хуавэнь, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталығының азаматтық және саяси құқықтар бөлімінің меңгерушісі Виктор Тихонов,
Қырғыз Республикасы Омбудсман институтының
жабық мекемелерге профилактикалық сапарлар өткізу бөлімінің меңгерушісі Эмилбек Ажибеков, Өзбекстан
Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры Муроджон Турғунов, Пекин политехникалық
университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ғылыми
кеңесінің басшысы, Қытайдың ғылым және технология саласындағы адам
құқықтарын зерттеу орталығының директоры Ци Яньпин, Тәжікстан Республикасы
Президенті Атқарушы аппараты Адам құқықтары кепілдіктері басқармасының бас
маманы Парвиз Олимзода, Түрікменстан Мемлекет, құқық және демократия
институтының аға ғылыми қызметкері Довлат Аманмирадов, Ухань университеті заң
факультетінің деканы, Қытай экологиялық құқық ғылыми-зерттеу институтының
директоры Цинь Тяньбао сөз сөйледі.
Одан кейін пікірталастар үш панельдік
сессияда жалғастырылды. Онда даму құқығын іске асыру
мақсатында кедейлікті азайту және халықтың әл-ауқатын арттыру жобаларын жүзеге
асыру, экологияны қорғау, жасыл даму мен адам құқықтарын қамтамасыз ету,
сондай-ақ адам құқықтарының дамуына ықпал ететін цифрлық интеллектуалдық
технологияларды ілгерілету салаларындағы ынтымақтастықтың болашақтары талқыланды.
Қатысушылар Форум тақырыбы бойынша жан-жақты пікір алмасып, адам құқықтарын тиімді
қорғаудың негізгі факторлары ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру, цифрлық
басқаруды нығайту және «жасыл» дамуды жеделдету мәселелеріне ерекше назар
аударды. Сондай-ақ осы салалардағы озық идеялар мен практикалық тәжірибелермен
бөлісті.
Талқылаулар соңында «Қытай – Орталық Азия» адам құқықтарын дамыту
форумының «Ташкент бастамасы» деп аталған қорытынды құжаты әзірленіп, тұсаукесері өткізілді.
Форум аясында Өзбекстан Республикасы Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы мен Қытайдың Адам құқықтарын дамыту қоры
арасында өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді. Құжатқа екі ұйымның
басшылары Акмал Саидов пен Ли Хункуй қол қойды.
Өзбекстан
Республикасы Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық
орталығының баспасөз қызметі.