Варшавада АҚШ-тың Ford
компаниясының автосалоны мен қызмет көрсету орталығы орналасқан, жалпы аумағы 3
200 шаршы метр болатын ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы TVP
телеарнасы өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Өрт туралы алғашқы
хабарламалар жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де,
автосалоннан түтін көтеріле бастағаннан кейін түсе бастағаны айтылды, деп
хабарлайды tass.ru.
TVP мәліметінше, оқиға
орнына 40 өрт сөндіру жасағы жұмылдырылған. Зардап шеккендер
немесе өрттің шығу себебі туралы әзірге ақпарат жоқ.