Агенттіктің мәліметінше, бірінші зымыранның ұшырылғаны туралы хабар берілгеннен кейін екі минут өткен соң оның құлағаны тіркелген. Болжамды ұшыру уақытынан сегіз минут өткенде екінші зымыранның да құлағаны хабарланған, деп жазды Report.az.

NHK телеарнасының хабарлауынша, бірінші зымыран Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған.