Жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған. Ариакэ және Яцусиро
шығанақтарының жағалау аймақтарында биіктігі 1 метрге дейін жетуі мүмкін цунами
қаупі бар.
Алғашқы 5,6 магнитудалы жер сілкінісінен шамамен бір сағат өткен соң,
магнитудасы 6,1 болатын екінші жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметі
алғашқы жер сілкінісінің магнитудасын 6,8, ал екіншісін 6,1 деп бағалады.
Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаити Кюсю аралындағы 7,1 магнитудалы
жер сілкінісі салдарынан жолдар мен көпірлердің зақымданғанын, кейбір
ғимараттардың құлағанын, өрттердің шыққанын және электр қуатының үзілуі орын
алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, өңірдегі атом электр станцияларында ешқандай
ақау тіркелмегені хабарланды.
Зардап шеккендер туралы мәліметтер жаңартылуда. Алдын ала есеп бойынша, жер сілкінісі салдарынан 50-ден астам адам
жарақат алған. Жер сілкінісінен кейін Жапония үкіметі арнайы жұмысшы топ құрды, деп хабарлады teleport2001.ru.
NHK телеарнасының хабарлауынша, бұл —
2024 жылғы қаңтарда Ното түбегінде болған зілзаладан бері Жапонияда магнитудасы
7,1 немесе одан жоғары болған алғашқы жер сілкінісі.