Ал бұл жолы Жапонияның ұйымдастыруымен өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында Өзбекстан делегациясы барлық кедергілерді еңсерді. Спортшыларымыз бұған дейінгі Пара Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеген күншығыс елінің өкілдерімен де тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын көрсетті. Қытай параспортшыларынан кейінгі екінші орынды Өзбекстан үш күн қатарынан сақтап тұрды.
Сонымен, өткен уақыт ішінде өзбек делегациясы қандай даму жолын таңдады? Спортшыларымыз осындай нәтижелерге қалай қол жеткізді? Мұның сыры неде?
Бұл сұрақтар құрлықтың спорт саласындағы мамандарын да таңғалдыруда.
Алайда мұның ешқандай құпиясы жоқ. Елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінуі және Президентіміздің мүгедектігі бар адамдардың өз мүмкіндіктерін толық көрсете алуы үшін жасап жатқан жағдайлары маңызды рөл атқарып отыр.
Жапониядағы Пара Азия ойындары өзбек параспортшылардың жаңа буынын танытты. Бұл — өз деңгейіндегі мықты бәсекелестермен тайталаса алатын өзбекстандық спортшылардың әлемдік аренаға шығып келе жатқанының айғағы.
1- Әлем чемпионатының рекорды,
7 Азия ойындарының рекорды,
5 құрлықтық рекордтың дәл өзбекстандық параатлетшілер тарапынан жаңартылуы — осының нақты көрінісі.
Әлемдік рекордты Руза Қўзиева жаңартты. Ол парапауэрлифтингтен 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 152 келі салмақты көтерді. Азия рекордтарын өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында төмендегі спортшылар жаңартты:
Мадина Мухторова — ядро лақтырудан (F40) 9,10 метр; диск лақтырудан (F40) 25,59 метр;
Наврўза Аҳмадова — ядро лақтырудан (F41) 10,02 метр; диск лақтырудан (F41) 30,11 метр;
Егор Болотов — 100 метрге шалқалап жүзуден (S13) 58,43 секунд;
Лола Кодирова — 50 метрге еркін стильде жүзуден (S5) 37,88 секунд;
Шаҳина Йиғиталиева — найза лақтырудан (F46) 44,99 метр.
Пара Азия ойындарының рекордтарын Ақидахон Ахтамова — парапауэрлифтингтен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 128 келі, Маҳлиё Акрамова — клаб лақтырудан (F32) 24,08 метр, Қудратиллоҳон Маъруфхўжаев — диск лақтырудан (F37) 57,39 метр, Достон Қаҳҳоров — 400 метрге жүгіруден (T36) 54,42 секунд, Бобуржон Омонов — ядро лақтырудан (F41) 13,07 метр, Баротжон Бахтиёров — ядро лақтырудан (F36) 15,98 метр, Асила Мирзаёрова — ұзындыққа секіруден 5,04 метр осылар жаңартып, еліміздің абыройын асқақтатты.
Бүгін — Пара Азия ойындарының соңғы күні. Қазіргі уақытта Өзбекстан құрамасы 45 алтын, 48 күміс және 50 қола медальмен Қытай мен қабылдаушы Жапония құрамаларынан кейін 45 елдің арасында үздік үштікке еніп отыр.
Муножат МЎМИНОВА,
«Янги Ўзбекистон» газетінің тілшісі.