Шара БҰҰ
Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 62-сессиясы аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары
жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасы және аймақтық адам құқықтарын қорғау
жүйелерінің қатысуымен өтті. Оған Өзбекстан Республикасы Үкіметі тең
ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысты.
Сонымен
қатар тең ұйымдастырушылар қатарында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары
Басқармасы, Еуропа Кеңесі, Африка Одағы, Америка мемлекеттері ұйымы және Адам
құқықтары жөніндегі Араб хартиясы комитеті орын алды.
Шара
геосаяси шиеленіс, құқықтық нормаларды таңдап түсіндіру және азаматтық
кеңістіктің тарылуы жағдайында адам құқықтарының әмбебаптығы, бөлінбейтіндігі
және өзара байланыстылығы қағидатын растауға арналған панельдік талқылау
форматында өтті.
Адам
құқықтарын қорғау, ұлттық институттарды нығайту, сондай-ақ халықаралық және
аймақтық құқық қорғау механизмдерімен
сындарлы ынтымақтастықты дамыту саласындағы ауқымды реформаларды дәйекті түрде
жүзеге асырып жатқан Өзбекстан Республикасының тәжірибесі әмбебап халықаралық
стандарттарды іс жүзіне табысты енгізудің үлгісі ретінде атап өтілді.
Интерактивті
сессия барысында мемлекеттердің, аумақтық ұйымдардың және азаматтық қоғам
өкілдерінің қатысуымен жаһандық және аймақтық адам құқықтары механизмдерінің өзара іс-әрекеттерінің
практикалық мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Қорыта
айтқанда Өзбекстан үшін ел өкілдерінің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі
аясындағы осындай іс-шараларға қатысуын жалғастырудың, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам
құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасы мен аймақтық адам құқықтары
жүйелерімен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыру тәжірибесін дамытудың мақсатқа сай
екенін көрсетті.
Сонымен
қатар, Өзбекстанның адам құқықтары саласындағы ұлттық бастамаларын ілгерілету
үшін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің алаңын пайдалану да маңызды екені
атап өтілді.
Өзбекстан
Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының баспасөз қызметі.