2026 жылғы 6 шілде күні таңертең Brent
хом мұнайдың бағасы 0,60%-ға төмендеп, бір баррелі 71,69 АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар, америкалық WTI
фьючерстерінің бағасы 0,39%-ға төмендеп, бір баррелі 68,42 АҚШ долларға жетті.
Ресейдің Urals хом мұнайының
бағасы шамамен 8%-ға төмендеп, бір баррелі 51,25 АҚШ долларын құрады.
Мұнай бағасына қысым жасаған негізгі факторлардың бірі — ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер альянсының
қабылдаған шешімі болды.
Бұған дейін ОПЕК+
құрамындағы жеті мемлекет — Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт,
Алжир және Оман 2026 жылдың тамыз айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне
188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдаған еді, деп хабарлады Kazinform
.