Бұл туралы tolonews.com сайтында мақала жарияланды.

Мақалада айтылғандай, аталған медициналық мекеме Ауғанстан азаматтары үшін шетелде, әсіресе Пәкістанда емделуге маңызды баламалы медициналық орталыққа айналып отыр.

Аурухана әкімшілігінің мәліметінше, мекемеде 25 мамандандырылған бөлім мен  40-тан астам дәрігер қызмет көрсетеді. Мұнда неврология, ортопедия, урология және басқа да бағыттар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Аурухананың баспасөз қызметінің өкілі Азизбектің айтуынша, соңғы екі жыл ішінде елдің әртүрлі аумақтарынан 134 мыңнан астам науқас медициналық көмекке жүгінген.

Мамандардың айтуынша, науқастардың басым бөлігі қант диабеті, қалқанша безі аурулары және тұқым қуалайтын сырқаттар бойынша ем қабылдауда. Емделушілердің негізгі бөлігі Ауғанстанның солтүстік облысынан келеді.

Науқастар ауруханадағы қызмет сапасына жоғары баға беруде. Олардың пікірінше, медициналық мекеменің Ауғанстан шекарасына жақын орналасуы емделуге кететін уақыт пен шығынды айтарлықтай азайтқан.

Фарьяб облысының тұрғыны Нажибулла ауруханадағы қызмет бағасының халық үшін қолжетімді екенін атап өтті. Ал Балх облысының тұрғыны Ахмадулла бұрын Пәкістанға, Үндістанға немесе Иранға барып емделу көп шығынды талап еткен болса, енді сапалы медициналық көмекті жақын жерде алу мүмкіндігі туғанын айтты.

Жузжон облысының тұрғыны Мухаммадхон да ауруханадағы заманауи жабдықтарды, білікті дәрігерлерді және ем нәтижелерін жоғары бағалап, мұндай медициналық мекемелер халықтың тұрмысын жеңілдетіп отырғанын жеткізді.

Айтылғандай, әсіресе Пәкістанға бару мүмкіндігі шектелген, қазіргі жағдайда мамандандырылған медициналық көмек алу үшін барған сайын көбірек ауған азаматтары Ауған-Өзбекстан бірлескен сауда аймағындағы аурухананы таңдауда.