Мәлімет ретінде: Өзбекстанда интеграцияланған білім беру бағдарламаларын енгізу мақсатында Ұлыбританияның IQF Integrated qualifications framework” білім беру ұйымымен ынтымақтастық аясында Халықаралық біліктіліктер және бағалау орталығы (Орталық) құрылған.

Қаулыға орай, Орталыққа мынадай қосымша міндеттер жүктелді:

әзірленген интеграцияланған бағдарламаларды QS (Quacquarelli Symonds) немесе THE (Times Higher Education) халықаралық рейтингтік ұйымдарының жаһандық рейтингіндегі ТОП-100 тізіміне кіретін серіктес жоғары оқу орындарының академиялық талаптарымен салыстыру және сәйкестендіру;

ТОП-100 тізіміне енген серіктес жоғары оқу орындары мойындайтын бакалавриат деңгейінде «1+3», «2+2», ал магистратура деңгейінде «1+1» сияқты білім беру модельдерін әзірлеу;

Өзбекстан Республикасында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломын беруге бағытталған құрылымдарды (кампус, филиал, франшиза, білім беру бағдарламаларын іске асыру орталықтары және басқа да) ашу жөнінде келісімдерге қол жеткізу.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның озық тәжірибесі негізінде интеграцияланған білім беру бағдарламаларын енгізуді одан әрі кеңейту мақсатында тәжірибелік жоба ретінде Ташкент сәулет-құрылыс университеті жанынан Интеграцияланған бағдарламалар жоғары мектебін (Жоғары мектеп) құру белгіленді.

.