Бұған дейін “Cannes Film Festival” аясында ұйымдастырылған осы беделді фестивальде өзбекстандық киногерлер түсірген “Қадам. Қуёш боласи Юсуф”  атты қысқаметражды фильм ең жоғары марапатқа ие болғаны хабарланған еді.

 

Бұл жетістікке Президент Шавкат Мирзияев та ерекше назар аударып, жас шығармашылық иелерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес, гран-при иесі болған шығармашылық өкілдері “Келажак бунёдкори” медалімен марапатталатыны белгіленген.

 

20 мамыр күні болып өткен күтіп алу рәсіміне мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Президент администрациясының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, кино сүйер қауым мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

 

Шара барысында “Келажак бунёдкори” медалімен марапатталған кинорежиссерлер Суҳроб Қодиров пен Дилшодбек Усмоновқа марапаттар салтанатты түрде табысталды.