Бұл
туралы Цифрлық технологиялар министрлігі хабарлады.
Хабарда айтылғандай, жоба аясында жастар жасанды интеллект, промпт-инженерлік, бағдарламалау,
заттар интернеті (IoT) және онлайн маркетинг сияқты заманауи IT бағыттары
бойынша 4 жыл бойы жүйелі түрде оқытылады.
Сонымен қатар, 500 IT маманы мен оқытушылардың біліктілігі арттырылады,
кореялық жетекші сарапшылардың қатысуымен стартап-инкубация бағдарламалары іске
қосылады.
Инфрақұрылымды дамыту аясында 2026–2032 жылдары Нөкіс және Қаршы қалаларында 2
заманауи IT-хаб құрылады. Сонымен бірге, 7 ауданда 14 IT орталығы салынып,
заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Бұл жоба білім беру жүйесін дамытуға, жастардың жұмыспен қамтылуын арттыруға,
инновациялық кәсіпкерлікті қолдауға және елдің цифрлық болашағын нығайтуға
қызмет етеді.