Мұндай жағдайдың қалыптасуына түнгі уақытта пайда болған күшті температуралық инверсиясы, ауаның құрғақтығы және жауын-шашынның болмауы себеп болып отыр. Сонымен қатар желдің баяу соғуы қала үстінде жергілікті атмосфералық шығарындылардың жиналып қалуына қолайлы жағдай туғызуда.

Ауаның ластануын азайту мақсатында Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесіне, облыстар мен Ташкент қаласының әкімдіктеріне негізгі көшелер мен жол жиектерінде жиналған құм мен шаңды тазарту, сондай-ақ қолданыстағы субұрқақтардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылған.

Бұған қоса, 30 ірі құрылыс ұйымына құм мен шаң бөлшектерінің ауаға көтерілуін азайту бойынша тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелген.

Ташкент қаласы мен оған іргелес аумақтарда жұмыс істейтін 7 жылу электр станциясына, сондай-ақ қоршаған ортаға әсері бойынша ірі санатқа жататын 131 шаруашылық жүргізуші субъектіге атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есе азайту жөнінде ескерту берілген.

Аталған ескертулердің орындалуын тексеру мақсатында арнайы жылжымалы зертхана кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын зиянды заттарының мөлшеріне мониторинг жүргізіп жатыр.

Ауа сапасы нашарлаған кезеңдерде балаларға, қарт адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің аурулары бар азаматтарға ашық ауада ұзақ уақыт болмау, дене белсенділігін шектеу және қорғаныш маскасын пайдалану ұсынылады.