Ұзындығы
шамамен 1,5 шақырымды құрайтын аумақ Мирзо Ұлықбек ауданы
әкімдігі ғимаратының алдынан басталып, Орталық демалыс саябағына дейін
жалғасады.
Жоба
аясында өсіп
тұрған
ағаштар мен жасыл аумақтар сақталып, ретке келтіріледі. Канал бойындағы
ғимараттарға түгендеу жүргізіліп, заңсыз иеленген аумақтар ретке келтіріледі.
Сонымен
қатар, жаяу жүргіншілер және веложолдар, мүмкіндігі шектеулі
азаматтарға арналған арнайы жолдар, орындықтар мен бастырмалы демалыс орындары,
балалар және воркаут алаңдары ұйымдастырылады.
Мирзакалон
Исмоилий махалласындағы 1А, 2,
3, 5 және 7-санды көпқабатты үйлердің бірінші қабаттары тиімді пайдаланылып,
кәсіпкерлік қызмет жолға қойылады және жаңа жұмыс орындары ашылады.