Мемлекет басшысының биылғы 2 маусымдағы 103-санды қаулысында белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған осы тәртіп аясында жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде «Дутар», «Ұлттық би», «Жас доирашылар», «Бейнелеу өнері» бағыттары бойынша үйірмелер жұмысын бастайды.

Үйірмелерде оқушыларға тереңдетілген түрде аптасына 2 сағаттан, жалпы 72 сағат көлемінде білім беріледі. Сонымен қатар үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, олардың арасынан өнерге қабілетті, дарынды оқушылар іріктеліп алынады.Аталған үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттап, оны келешек ұрпаққа лайықты түрде жеткізу.