Қаулыға сәйкес, жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды
мемлекеттік тіркеу кезінде мүлік иесінің тіркеуші органға уақытында жүгінбегені
анықталған жағдайда:
әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбай, тіркеуді кешіктіру мерзіміне
қарай мемлекеттік тіркеу үшін жоғарылатылған мөлшерлемелер бойынша төлем алу
жүйесі енгізіледі.
Егер салық төлеушіге жеке меншік құқығы негізінде тиесілі тұрғын үй
мұрагерлік тәртібімен немесе жақын туысынан сыйға алынған болса:
аталған тұрғын үйді сатудан алынған табысқа салық салынбауы үшін
белгіленген мерзімді өсиет қалдырушының немесе
сыйға тартушының осы тұрғын үйге меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен
күннен бастап есептеледі.
Сонымен қатар, тыйым салынған немесе тіркеуге (хаттау)
қойылған тұрғын үйге кепілге алушының келісімінсіз тұруға және тұрғылықты жері бойынша тіркелуге рұқсат етіледі.
Бұл ретте тіркелетін тұлға меншік иесінің (кепіл ұстаушының, тыйым салуды
қоюға немесе алып тастауға жауапты органның) ішкі істер органдарына берген
өтініші негізінде өзінің тіркеуінің күшін жоюға алдын ала келісім беруі тиіс.