Атап айтқанда:
жеке және заңды
тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жылжымайтын мүлік нысандары
мен автокөлік құралдарын кепілге немесе ипотекаға қоюға, сондай-ақ оларды
иеліктен шығаруға тыйым салу немесе мұндай тыйымды алып тастау;
азаматтардың өз
атына рәсімделген және пайдаланылып жатқан телефон нөмірлері мен банк карталары
туралы ақпарат алу;
сондай-ақ осы үдерістерді басқарудың төмендегі мүмкіндіктер ұсынылады:
телефон нөмірін
белгілі бір мерзімге уақытша белсенді емес күйге ауыстыру (қайта белсендіру)
және пайдаланылмайтын телефон нөмірлеріне қызмет көрсетуді тоқтату туралы
өтініш беру;
телефон нөміріне
қосылған ақылы қызметтер туралы мәлімет алу;
банк карталарын
бұғаттау (жабу) жөнінде оларды шығарған банкке өтініш жолдау;
азаматтың атына
жаңа нотариаттық іс-әрекет рәсімделген кезде оны Бірыңғай портал арқылы
автоматты түрде хабардар ету және мұндай әрекеттердің есебін жүргізу.