Бұхара халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі меймандарды Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен жұбайы қарсы алды.

Қонақты салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп, ұлттық әндер мен билер орындалды.

Бүгін Мемлекет басшылары көне Бұхараның тарихи ескерткіштерін аралайды. Сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысу жоспарланған.