Өзінің жарқын таланты,
жоғары кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы, тиімді шығармашылық қызметі арқылы
елімізде кино өнерін дамытуға және әлемдік деңгейде насихаттауға, халқымыздың
көркем-эстетикалық және рухани әлеуетін көтеруге лайықты үлес қосып келе жатқаны,
Францияның Канн қаласында өткен инклюзивті фильмдер халықаралық фестивалінде
«Қадам. Күн баласы Юсуф» қысқа метражды фильмімен табысты қатысып, бас жүлде –
Гран-приге ие болғаны, ұлттық құндылықтарымызды көрсететін көркем бейнелерді
жасау, жас ұрпақ жүрегінде Отанға сүйіспеншілік пен адалдық сезімдерін күшейту
барысындағы қызметтері үшін төмендегілер “Келажак бунёдкори” медалімен
марапатталсын:
Қодиров Сухроб Толмасович –
тәуелсіз шығармашыл, сценарист, кинорежиссер;
Усманов Дилшодбек Холмұрадұлы – С.А. Герасимов атындағы Бүкіл ресейлік
мемлекеттік кинематография институтының Ташкент қаласындағы филиалы студенті,
кино режиссері.
Өзбекстан
Республикасының Президенті
Ш.
Мирзияев