Тәуелсіздік – батыл әрі ар-намысты халқымыздың қайсар ерік-жігерінің,
тәуелсіздік жолында күрескен жанқияр ата-бабаларымыздың ерлігі мен
қайсарлығының арқасында қол жеткізілген, Жаңа Өзбекстанды құру жолындағы ізгі
істеріміздің негізі болып табылатын және оны болашақ ұрпаққа аман жеткізуге
міндетті ұлы әрі қасиетті құндылық.
Дәл осы тәуелсіздіктің
арқасында жаңартылған Конституциямыз және «Өзбекстан – 2030» стратегиясына
негізделген даму жолымыз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
етуге, адам қадір-қасиетін ұлықтауға, қоғамымызда бейбітшілік пен тұрақтылықты,
достық пен ынтымақты нығайтуға, ұлы тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрыптарымызды сақтауға, өлкемізде тату көршілік қатынастарын орнықтыруға,
сондай-ақ мемлекетіміздің халықаралық беделін арттыруға берік негіз болып
қызмет етуде.
Сондықтан да жүзеге
асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде еліміздің келбеті түбегейлі
өзгеріп, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімі артып, олардың сана-сезімі мен
дүниетанымы жаңаруда.
Осы бағыттағы жұмыстарды
дәйекті түрде жалғастыру және жаңа деңгейге көтеру, сондай-ақ еліміздің
тәуелсіздігін нығайтуға, оның экономикалық қуаты мен әлеуетін, халықаралық
аренадағы беделін арттыруға лайықты үлес қосып жүрген, көп жылғы жанқиярлық еңбегімен,
жоғары кәсіби шеберлігімен және қоғамдық өмірдегі белсенділігімен ел-жұртының
құрметіне бөленген отандастарымызды лайықты марапаттау мақсатында:
1. «Өзбекстан Республикасы
тәуелсіздігінің 35 жылдығы» естелік белгісі тағайындалсын.
2. «Өзбекстан Республикасы
тәуелсіздігінің 35 жылдығы» естелік белгісі туралы Ереже және оның сипаттамасы 1
және 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
3. Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті бір ай
мерзім ішінде «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы» естелік
белгілерін және оларға берілетін куәліктерді белгіленген тәртіппен әзірлеуді
қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Өзбекстан
Республикасының Премьер-министрі А.Н. Ариповқа және Өзбекстан Республикасы
Президенті Администрациясының
басшысы С.Ш. Мирзияеваға
жүктелсін.
Өзбекстан Республикасының Президенті
Ш. Мирзияев