Қарақалпақстан Республикасында да бұл реформалар адамдардың өміріндегі нақты өзгерістерінен, олардың тұрмыс салты мен ертеңгі күнге деген сенімінен көрініс табуда. Арал өңірінің өзіндік климаттық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, өңірді кешенді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жаңа деңгейге көтерілді. Әсіресе, шалғай аудандардағы инфрақұрылымды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жаңарулар халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуде.
Осы мақсаттарды талдауға арналған «Жаңа Өзбекстан арманы» кітабының тұсаукерсері Қарақалпақстанның ғылым-білім және мәдениет орталықтарында жоғары деңгейде өткізілді.
2026 жылғы 16 сәуірде Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі Салим Дониёровтың «Жаңа Өзбекстан арманы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы Салим Дониёров, бас редактордың орынбасары Абу Бакир Оразов, Республикалық Руханият және ағарту орталығы Қарақалпақстан бөлімінің басшысы Татлимурат Атамуратов, Қарақалпақстан Жазушылар одағының төрағасы Кенесбай Каримов, белгілі зиялы қауым өкілдері, шығармашылық тұлғалар, профессор-оқытушылар, студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұсаукесерде сөз сөйлегендер Президентіміз тарапынан алға тартылған Жаңа Өзбекстанды құру идеясы, Үшінші Ренессанс негізін қалыптастыру, ашық әрі прагматикалық мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыру, адам қадірін арттыру секілді басым бағыттар кітапта жан-жақты көрініс тапқанын, жаңа дәуірде елімізде болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістердің бейтарап және шынайы қамтылғанын ерекше атап өтті.
2020 жылдың 25 қаңтарынан бастап жарық көре бастаған «Янги Узбекистон» газеті қысқа уақыт ішінде қоғам сеніміне ие болып, жаңа мемлекеттік саясаты— әділеттілік, ашықтық және прагматизм қағидаларын кеңінен талдап келеді. Ұсынылған «Жаңа Өзбекстан арманы» кітабы да осы мақсатқа — жаңа дәуір өзгерістерін халыққа жақындатуға арналған. Онда елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімдері өз көрінісін тапқан.
Екі бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлігінде автордың мемлекет және қоғам қайраткерлерімен жүргізген сұхбаттары берілсе, екінші бөлімінде ел болашағы мен ұлттық дамуға бағытталған жұмыстар талданған. Кітапқа енгізілген мақалалар мен сұхбаттар 2020–2025 жылдары «Янги Узбекистон» газетінде жарияланған материалдар негізінде жинақталған.
17 сәуір күні тұсаукесердің жалғасы Мойнақ ауданында ауданында №2 Балалар музыка және өнер мектебінде жалғасын тапты. Жергілікті тұрғындармен, шығармашыл жастармен болған шынайы сұхбатта Жаңа Өзбекстанның құрылысына әрбір азамат жауапты екені, ұлттық өздігімізді тану арқылы биік белестерді бағындыруға болатыны айтылды. Шараға қатысушылар кітаптың жатық тілінің кең аудиторияға қолайлы екенін және ондағы аналитикалық тәсілдер заманымыздың қаһармандарының қалыптасуында маңызды фактор екені айтылды.
Расында да, бұл кітапта жаңа дәуір рухы мен қоғамдағы жаңару үдерістерінің философиялық және іс жүзіндік маңызын өзінде қамтыған. Осыған орай, кітап Өзбекстанның қазіргі жағдайын, оның даму стратегиясын және болашаққа ұмтылыстарын түсіну үшін құнды дереккөз болып табылады.
Азизбек ЮСУПОВ,
“Янги Ўзбекистон” тілші.