Құжат 2026 жылғы 14 қыркүйекте 3939-санмен мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

Медициналық тексеру есірткі заттарын қолдану жағдайларын ерте анықтау мақсатында Республикалық сот-медициналық сараптама ғылыми-практикалық орталығында және оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар аумақтық әскери-медициналық комиссияға жіберілгенге дейін, ал келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азаматтар әскери-медициналық мекемеде медициналық тексеруден өткенге дейін аталған тексеруден өткізіледі.

Медициналық тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Алдымен зәр үлгісі экспресс-тест арқылы тексеріледі. Оң нәтиже тіркелген жағдайда зәр және (немесе) қан үлгілеріне масс-спектрометриялық сәйкестендіру тексеруі жүргізіледі.

Медициналық тексеру нәтижесі оң болған немесе қажетті биологиялық үлгілерді тапсырудан бас тартқан азаматтар әскери-медициналық тексеруден өткізілмейді.

Сонымен қатар медициналық тексеру барысында алынған жеке тұлғаға қатысты мәліметтердің, биологиялық үлгілердің және тексеру нәтижелерінің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.