Аталған беделді жарыста АҚШ,
Әзербайжан, Австралия, Польша сияқты жалпы 7 елдің 12 командасынан 500-ге жуық
қатысушы өзара бақ сынады. Жарыс барысын Түркия, Мексика, Филиппин, Малайзия
сияқты 8 елдің әскери қызметкерлері бақылап отырды.
2023 жылдан бері өткізіліп келе
жатқан бұл жарыстың биылғы кезеңінде алдымен қатысушылар таулы, орманды және
қалалық жерлерде соғыс жүргізу шарттарын орындады. Содан соң үш түрлі аумақтың
жағдайында бір мезгілде соғыс жүргізу кезеңінде өзара күш сынасты.
Кез келген маманнан мол тәжірибе
мен шеберлікті талап ететін бұл шарттар Қорғаныс министрлігінің әскери
қызметкерлеріне қиындық туғызбады. Олар түрлі бағыттар бойынша рекордтық
нәтижелер көрсетті.
Атап айтқанда, әскери қызметкерлеріміз
таулы аймақта қорғаныста тұрған шартты дұшпан
күштерін ешқандай шығынсыз толық жойып, 7 туды қолға алды. Осы уақытқа дейін
мұндай нәтижеге бірде-бір команда қол жеткізбеген.
Қалалық жерде соғыс жүргізу сынағында
да олар қорғаныста тұрған шартты қарсыласқа шабуыл жасап, барлық нысандар мен 7
туды жеңіп алды. Бұл жетістікке де бұған дейін бірде-бір команда қол
жеткізбеген.
Сондай-ақ қалалық жағдайда соғыс жүргізу барысында қорғаныс нысандарын
ұстап тұру кезеңінде командамыз бірде-бір жауынгерінен айырылмай, 7 нысан мен
барлық туларды қолға түсіріп, рекордты жаңартты.
Жалпы есеп бойынша 316 ұпай
жинаған Өзбекстан құрметті 1-орынға, 212 ұпаймен Камбоджа 2-орынға,
ал 192 ұпаймен жарысты өткізіп жатқан Корея командасы 3-орынға ие
болды.
Әскерлерімізді Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық
әуежайында Қорғаныс министрлігінің жауапты офицерлері, қалың жұртшылық және
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан салтанатты жағдайда қарсы
алынды.
Өзбекстан
Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар
департаменті