Нигер Қорғаныс министрлігі қаза болғандар санын
растады, деп хабарлады BBC.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандардың
арасында 22 содыр, 11 әскери қызметкер және 2 бейбіт тұрғын бар.
Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, көз жұмған 22
содырдан бөлек тағы 4-еуі жараланған. Сонымен қатар 20 қылмыскер ұсталған.
Шабуыл бейсенбі күні әуежай мен әскери әуе базасының
маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашқы жарылыстар жергілікті уақыт
бойынша таңғы сағат 06:00 шамасында естілген. Осыдан кейін қауіпсіздік күштері
аумақты тексеріп, қорғау шараларын бастаған.
Бейсенбі күні кешке «Әл-Қаидамен» байланысы бар
«Ислам және мұсылмандарды қолдау тобы» (JNIM) шабуыл үшін жауапкершілікті өз
мойнына алды.
Айта кету керек, бұл Амани Диори әуежайына бес айға жетпейтін уақыт
ішінде жасалған екінші шабуыл. Қаңтар айында «Ислам мемлекетімен» байланысты
ұйым тарапынан әуежайға шабуыл жасаған болатын, деп хабарлады report.az.